Книги о Магжане
Жырымен жұртын оятқан : Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы хақында
Описание: Қанарбаева, Бақыткамал. Жырымен жұртын оятқан : Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы хақында. / Б. Қанарбаева . – А. : Ана тілі, 1998. – 232 б
Аннотация: Мағжан — қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі жанашыл ақын деген тұжырымның дәлел-уәждері қандай? Бірегей білім-дарларымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтқанда «өленді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет туғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған», «нәзік сезімнін, тәтті киялдық ақыны», «сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа қарсы ұлт ақыны» болған Мағжан шығармашылығындағы ақындық қуаттың құпиялары неде? Журналист, зерттеуші ғалым Б. Қанарбаева осындай сауалдар өресінде ой толғайды.
Мен Мағжанның көшесінде тұрамын: өлеңдер мен поэмалар
Описание: Қанғожин, М. М. Мен Мағжанның көшесінде тұрамын [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / М.М. Қанғожин. – Петропавл : [баспасыз] , 2007. – 664 бет.
Аннотация: Бұл жинаққа автордың туған жер, өскен ел және оның кешегісі мен бүгінгісі жайында жазылған өлеңдері мен поэмалары еніп отыр. Азаматтық тақырыптарға қалам тербей-тін ақын егемен еліміздің беріктігін, халқымыз-дың бірлігі мен достығын жырына арқау етіп алған.
Мағжан әлемі : әдеби зерттеулер
Описание: Мағжан әлемі : әдеби зерттеулер. ; [құраст. Ж. Сүлейменов] . – Алматы : Асыл кітап, 2009. – 496 бет.
Аннотация: Мағжан Жұмабаев — өз шығармаларымен қазақ әдебиетін жаңа бір асуға шығарып, әлемдік кеңестікке жол салған, шашасына шаң жұқтырмаған жыр жүйрігі, сұлу сөз, кестелі ойдан күмбез қалаған нағыз дарын иесі. Бұл кітапқа сөзі қуатты, жыры шуақты жыр дауылпазының өмірі мен шығармашылық қызметі, әдеби мұрасы туралы әр жылдары жазылған материаддар топтастырылған.
Мағжанға тағзым : өлеңдер,төрттағандар, поэмалар
Описание: Салықов, Кәкімбек. Мағжанға тағзым : өлеңдер, төрттағандар, поэмалар. / К. Салықов . – Астана : Фолиант, 2008. – 208 бет
Аннатация: Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның енбек сінірген кай-раткері. Мағжан Жұмабаев қорының алтын белгісінңн иегері, Солтүстік Қазақстан облысының және Сәтбаен, Жезказған, Көкшетау қалаларының Құрметті азаматы Кәкімбек Салықовтын бұл жинағына қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевка арналған олендері және поэмалары кіріп отыр. Мағжан поэзиясына арналғам лирикалық көріністер мен жана ұғымдар кітаптын шырайын жандырып тұр. «Жезкиік ақынның» сезімтал поэзиясы оқушы жұртшылықтың ұғымтал жүрегіме жетеді деп кәміл сенеміз.
Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары
Описание: Қанарбаева, Бақыткамал. Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары / Б. Қанарбаева . – Алматы : [баспасыз], 1995. – 155 бет.
Аннотация: Бұл зерттеу — қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларының фольклормен байланысын зерттеген алғашқы еңбек. М.Жұмабаев халық қайнарынан нәр ала отырып, шығыс, еуропа, орыс әдебиетіндегі жетістіктерді пайдаланып, тың да соны ұлттың поэзия тудырды. Осы мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдау жасалады, Мағжанның қазақ әдебиетін Абайдан кейін жаңа тұрпатты әдебиет үлгісімен байытудағы жетістіктеріне баға беріледі. Ауыз әдебиетін пайдаланудағы шығармашылық қырлары ашылады. Сондай-ақ бұл еңбек, 1920 жылдардың басындағы қазақ әдебиетіндегі даму заңдылықтарын баяндайтын оқулықтар мен қолданбалардың қатарын толтырады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарын филология, журналистика факультетерінің студентерімен ғылыми қызметкерлерге, Мағжан мұраларына құштар кепшшік қауымға арналған.