Педагогика: (Баланы тәрбия қылу жолдары)
Описание: Жұмабаев, Мағжан. Педагогика: (Баланы тәрбия қылу жолдары). / М. Жұмабаев. – Алматы: Рауан, 1992. – 112 бет.
Аннотация: Ұлы ақын, көрнекті ағартушы Мағжанның бұл кітабы қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш іргелі педагогикалық ғылыми еңбек әрі сындарлы төлтума оқулық болып табылады. Кітап араб әрпінде 1923 жылы «Түркістан басмасөз махкамасы» шығарған 2-басылымы бойынша әзірленді. Қазіргі қазақ терминологиясында басқаша алынып жүрген атау, ұғымдар мен жекелеген сөз мәндерінің төркіні анықталып, түсініктемелер берілді. Текстің, сөз қалып қойған, қате басылған немесе мағынасы екіұшты тұстарына сілтеме жасалғаны болмаса, кітаптың "Пидагогика" деген әуелдегі атынан бастап, авторлық жазу емлесіне дейін өз калпында сақталды.
Кітап педагогика институттары мен училищелерінің шәкірттеріне, мұғалімдер мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған.
Педагогика
Описание: Жұмабаев, Мағжан. Педагогика / М. Жұмабаев. – Алматы: Ана тiлi, 1992. – 160 бет
Аннотация: Мағжан Жұмабаев — қазақтын ұлы ақыны. Әйтсе де ол аса дарынды ақындығымен бірге ұстаздықты мұрат етіп, сол жолда оқулық, методикалық сипатта еңбектер де жазған жан. Әрине оның бәріне жеке-жеке тоқталып жатпайық, осы «Педагогика» атты ғылыми, публицистикалық оқулықтың Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде екі рет жарық көруінің өзі кұңдылығының, ғылыми мәнді, маңыздылығынын дәлелі. 1922 жылы Орынборда жарық көрісімен, келесі 1923 жылы Ташкенде қайта басылып шығады.
Қазір де «Педагогика» ата-аналарға, мұғалімдерге. студнттерге, жалпы оқушы көпшілікке таптырмас, аса қызғылықты бағалы еңбек.