Батыр Баян: Өлеңдер, поэмалар
Описание: Жұмабаев, Мағжан. Батыр Баян : Өлеңдер, поэмалар. / М. Жұмабаев. – Астана : Елорда, 1998. – 330 бет.
Шығармалары (әдеби басылым). Том 2: Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлеңдер
Описание: Жұмабаев, Мағжан. Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлеңдер / Құраст. Сәндібек Жүбаниязов. - Алматы: Жазушы, 2013.- 376 бет.
Аннотация:
М. Жұмабаев шығармаларының екінші томына ақынның «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі, «Педагогика» деп аталатын ғылыми еңбегі және мақалалары мен аудармалары, сондай-ак бұрын жарық көрмеген өлеңдері енді.
Адассам елім деп адастым = Я солнцем огненным рожден
Описание: Жұмабаев, М. Адассам елім деп адастым [Текст] = Я солнцем огненным рожден : өлеңдер / М. Мағжан. Жұмабаев. - Алматы : RS, 2011. - 142 б.
Аннотация:
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы кітап болып ұсынылып отыр. Кітапқа ақынның әр жылдары жазылған өлеңдері енді. Ұлтына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін өлеңдерімен жеткізген ұлы ақын сталиндік режимнің құрбаны болын қырық бес жасында дүниеден өтті. Өзіндік дербес әлемін, адамдық дара тұлғасын асқақ ұстаған ақынның есімі де, оның өлеңдері де қазақ әдебиетінде жарты ғасыр бойы аталмай келген еді. Бүгінгі күні Мағжан Жұмабаевтың туындыларына деген қызығушылық күн сайын арта түсуде.
Шығармалары. Том 1. Өлеңдер. Дастандар
Описание: Жұмабаев, М. Шығармалары. Том 1. Өлеңдер. Дастандар. / М. Жұмабаев. – Алматы: Жазушы, 2013.- 376 бет.
Аннотация:
Ақын шығармаларының бұл басылымы екі томнан тұрады. Бірінші томға өлеңдері мен дастандары енгізілді. Өлеңдер, бұрынғы басылымдарындағыдан өзгеше түрде, алғаш жарық көрген немесе жазылған мерзіміне қарай реттелді. Кейбір та-қырыбы жақын жырлар бір жерге топтастырылып берілді.
Шығармалар: 3 томдық: 1 том
Описание: Жұмабаев, М. Шығармалар [Мәтін]: 3 томдық: 1 том. /М. Жұмабаев. - Алматы: Білім, 1995.- 254 б.
Аннатация: Ұсынылып отырған еңбек халқымыздын аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларының толық күйіндегі үш томдығының бірінші кітабы, Бұған ақынның өлеңдері, оның ішінде жаңадан табылғандары да енгізілді, Белгілі себептермен әртүрлі жөндеулерге ұшырағанлары төл нұсқаларымен салыстырылп, алғашқы қалпына келтірілді.