Мағжан шығармалары әлі толық жиналған жоқ
"Мағжан Жұмабаев өмірі - шабыт пен табыт, кұлшыну мен тұншығудың екі арасында арпалысып өткен аласапыран өмір. Өлгендер өлді, ал тірілеріміз оның алдында мәңгі қарыздармыз. Бұрын ол жактаушыға мұктаж еді, енді ізденушіге мұқтаж. Іздеу керек, жаппай іздфміз керек! Мағжанның орнын Мағжан шығармалары ғана толтыра алады".
Қадыр Мырза әлі
Жерлес жазушы, тәжірибелі журналист Жарасбай Сүлейменов 2009 жылы өзі құрастырып баспадан шығарған "Мағжан әлемі, әдеби зерттеулер" атты кітабының "Құрастырушыдан" атты алғы сөзінде:
Ғасырдың 90-шы жылдарына дөп келген Мағжанды жарыса жазу үрдісі әлі де саябырсыр емес.
Оның алдағы кезеңде де жалғаса беретініне сеніміміз мол. Өйткені, Мағжандай алыптың жаратылысының, болмыс-бітімінің, талантының
қатпар-қатпар құпия сырлары - бүгінгі буынды да, келер ұрпақты да қызықтыратын құнды қазына, сарқылмайтын байлық", -деп жазған еді.
Ұлы ақынның шығармалары әлі де түгел табылған жоқ. Дегенмен, іздеген зерттеушілерге кездесіп жатқандары да жоқ емес.
Өткен (XX) ғасырдың 20-шы жылдары Омбы қаласында жарық көрген алғашқы қазақ басылымдарының тарихы көпке дейін бүркемеленіп келді.
Тек Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана ұлттық БАҚ-тың жазықсыз жазаға ұшыраған тілшілері мен редакторларының шығармашылық мұрасына бетбұрыс жасалды.
Құпия мұрағаттарды зерттеу кезінде Мағжан Жұмабаев, Смағұл Садуақасов, т.б. қазақ автономиясының мемлекеттік саясатына ақпараттық қолдау, өңірлерде насихаттау бағытындағы бірлескен қызметі жайлы беймәлім құжаттар табылды.
Мәселен, 1920 жылы Омбыдағы Қазақ өкілеттігіне жолдаған жеделхатында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) саяси хатшысы Смағұл Садуақасов "Тұрғындарды Қазақ республикасының саясаты жайлы кеңінен ақпараттандыру шараларын қолға алуды, Қазақ автономиясының
мақсат-мұраттары туралы листовкалар мен газет материалдарын дайындаудан” тапсырды.
Ол кезде сауатты азаматтар аз болатын. Сондықтан редакциялар сауатты кадрларға іздеу жариялады. Жұмысқа қабылданғандардың біразын медресе (мысалы, Уфадағы "Ғалия" медресесі) түлектері құрады.
Омбыдағы татар баспаханаларының техникалық мүмкіндігі сол кезеңде ашылған "Кедей сөзінің" аяқтан тұруына көмектесті. Қошке Кемеңгеров, Сабыр Айтқожин, Мағжан Жұмабаев, Бекмұхамед Серкебаев, Әбілқайыр Досов сынды қаламгерлер білімі мен тәжірибелерін қазақ қоғамындағы ақпараттық сауатсыздықты жою жолына жұмсады.
Мағжанның журналистік қызметіне ойысар болсақ,ол әріптестерінен ойы да, сөз саптау шеберлігі де оқ бойы озық публицист ретінде де кең танылған. Өзінің алғашқы мақалаларын осы "Кедей сөзінде" жариялай бастаған.
Ол бұл кезде Россияның коммунист партиясының Омбы губерниялық комитеті жанындағы мұсылман секциясы һәм Омбы губревкомының қазақ газеті деген ресми атаумен шыққан "Кедей сөзінің" алқа мүшесі еді.
Бұл патша тақтан құлап, "Ақ түйенің қарны жарылған", еркіндік самалы ескен кез еді. Мағжан тарихтың қалың қыртыстарын қопара білген,
ел-жұртты өткен бабалардың ардақты рухымен оятуды мұрат тұтқан.
Бұл орайда Мағжанның XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ахуалға аса жетіктігі аңғарылады.Ол осы қалыптасқан жағдайдан шығар жолды іздейді.
Мағжанның "Кедей сөзі" газетінің 1921 жылғы 12 қаңтардағы санында "Жәжеке" деген бүркеншек атпен жарияланған "Автономия кімдікі?" деген шағын мақаласы автономия туралы айтыс-тартыс кезінде жазылған болатын. Онда ол автономия қазақтікі деген тұжырым жасаған.
"Кедей сөзі" 1921 жылғы 14 наурыздан Петропавлға ауыстырылып,
"Бостандық туы" деген жаңа атпен Ақмола уберниясының газеті болып шыға бастағаны тарихтан белгілі. Газеттің наурыз айындағы нөмірлері табылмауына байланысты күні бүгінге дейін зерттеушілер қаржылық қиындықтар салдарынан олар мүлдем жарық көрмеген деген жаңсақ пікірге сүйеніп келді.
Алайда, ұзақ уақыт жүргізілген ізденістің арқасында басылымның жоғалған даналарын ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік туды.
Басылымның алғашқы нөмірі тараған соң арада үлкен үзіліс болып, біраздан кейін ғана жарық көрді деген пікір тараған еді.
Жуырда табылған газет даналарының бірінші бетінде репрессияға ұшыраған қазақтың ақиық ақыны Ілияс Жансүгіровтің қолжазбаларының көшірмесі басылған үшбұрышты мөрдің ішіне оның 'Джансугуров Ильяс" деп орыс тілінде және арабтың төте жазуымен қазақ тілінде жазылған есімі мен тегі бедерленген.
Дәл осындай мөрді "Бостандық туы" газетінің 1922 жылғы сәуірдегі нөмірлерінен де көруге болады. Енді басылымның Ілияс Жансүгіровтің жеке кітапханасына қалай және қашан тап болғанын анықтау қажеттігі туып тұр.
Ілекеңніңжеке кітапханасының арқасында Мағжанның "От", "Ұлан" деген өлеңдері, "Екіден бір" және "Ұғылмай жүрген мәселелер ішінде әйел мәселесі" мақалаларымен танысуға мүмкіндік туды. Газет қағаздары сарғайып кеткен, біраз сөздері мен әріптері өшіріліп қалған. Дегенмен, мәтіндердің барлығы да негізінен жақсы сақталған.Енді осы аталған мақалаларға тоқталайық.
Айта кету керек, бұл мақалалардан Мағжанның Совет үкіметіне ешқандай қарсылығы білінбейді, қайта жаңа үкіметтің саясаты мен ісін құптайтыны көрініп тұр. "Бостандық туында" 1921 жылдың наурызында "Ұғылмай жүрген мәселелер ішінде әйел мәселесі" деген мақаласының алғашқы он шақты сөйлемі оқуға қиын, көп жыл жатқандықтан әріптері, сөздері ешіп кеткен. Анық көрінетін жерінен оқысақ, Мағжан былай дейді:
"... бар жаланы Советке жабатындар жұрт алдында баяғыны көксейтіндер һәм кеудесінде соқыр сезім де жоқ саңлаусыз соқырлар. Шынында, қазақ тұрмысында болып жатқан һәм болғалы тұрған өзгерістер де, әсіресе, әйел мәселесінде Совет үкіметінің "айыбы" қанша екен?! Соны тексеріп бағалық. Жә, Совет үкіметі жалпы ел жалаңаш, аш болсын деп қай уақытта декрет шығаны бар? Қазіргі бөліншілігі жылдар бойына созылған соғыстардың кесапаты емес пе? Совет үкіметінің көксегені жалпы елді жұмақтай жайлы тұрмысқа жеткізу емес пе? Ұқпағысы келмесе, ел ұққандай болған шығар.
Енді әйел мәселесі. Бұл мәселенің ісін Советке аударуын тіпті түсінбедік. Қазақ оқығандар кеудесіне әйел қамын жеу мәселесі 1905 жылдан соң ғана кіре бастады. Онда да орысша оқығандарға емес. мұсылманша оқығандарға. Ол жылдарда орысша оқығандар, сандары бес саусаққа толмайтын бірінші азаматы болып алғанда теп-тегіс жарқыраған түйменің құлы еді. Қара реакциямен жалаңаш езілген ел үшін әлсіз қолдарымен алдымен ту көтерген мұсылманша оқып жүрген шәкірттер болды.
Ол кезде жалпы мұсылман дүниесіңде бір пікір бар еді: Жер жүзіндегі мұсылмандардың бұлай азып-тозуы анық ислам жолынан шыққандықтан: мұсылман елі Абай пайғамбардың исламына қайта қайтса, бар бәледен құтылареді, деген.
Міне, осы пікір қазақ шәкірттеріне де жұқты. Қазаққа деген бар мәселені, соның ішінде әйел мәселесін олар осы жолмен шешпек болды. Оларға қазақ анық таза мұсылман болса, күңдікте жүрген қазақ әйелі де теңдікке жететіндей көрінді.
Әйелге лағнет қамытын кигізушінің біреуі ислам діні екенін көруге олардың көзі жетпеді. Жеткізуші болмады. Миларына орнаған сол қата пікірмен олар әйелді теңдікке жеткізу үшін анық ислам жолына түсуге шақыра бастады. Міне, бұл қазақ оқығандарының Совет жоқ уақытта әйел теңдігі ушін бірінші күресі еді. Ұстаған жолдары қате еді. Бірақ көздеген мақсаттары қасиетті еді.
Февраль төңкерісінен 5-6 жыл бұрын қазақ мәселесін шешу жолында орыс оқуларында оқып жүрген оқушы жастар арасында қазақта әйел мәселесін шешу үшін батыс жолына түсу керек деушілер көп болды.
Қысқасы: әйел мәселесі қазаққа жерден жік шығып, екі кұлағы тік шыққандай жат мәселе емес. Бұл қазақтың ескі ауруы, оны емдеу қазақ оқығанының ескі тәтті қиялы. Бұл мәселенің Совет уақытында жарқырап жарыққа шығуы шаттығынан емес, басқа себептен.
Совет үкіметі сағым қиял, түйіні жоқ тәтті сөз үкіметі емес, жұмыс үкіметі. Адамшылық тілектеріне жету үшін халық қайрат жұмсап жатқан үкімет. Даласында сағым болып жүрген ізгі үміттері қажымай, талмай іске асырып жатқан үкімет.
Қазақ сықылды жүз жылдар бойы ақ сүйек, капиталистер құлдығына езіліп келген елдің сансыз мұң-мұқтажын жиғанға тегіс сәуле беріп жатқан Совет үкіметінің күшімен ғана орындалмақ. Совет үкіметінің мейірімді қанатының астында ғана езілген елдер ауруы деп кім ала алмақ. Совет үкіметінің жәр-демімен ғана әйел мәселесі сықылды ауру мәселелердің құрты бір жола құртылмақ Осыған қазақ оқығандарының, партиядағысының да, еместігінің де кезі анық жетіп отыр. Басқа жол болуға мүмкін емес екенін біліп отыр.
Міне, әйел мәселесінің қазіргі күнде кең даланы жалғыз көтеріп, жарыққа шығып отырғанын білетін іске тұрған себебі осы. Жүректегі түйіннің шешіле-тін кезі келді... Қазақ әйелі күң, құл ғана емес. мап. Төңкеріс жолымен ғана шешілетін мәселелердің, сөз жоқ, біреуі. Осы жолмен ғана шешілетін мәселе, сөз жоқ, осы әйел мәселесі. Қол ұстасып істелетін негізгі істердің біреуі- осы.
Әрине, әйел мәселесін шешуде ауыр салмақ қазақтың ел азаматына түслек. Бірақ бул іске қазақ әйелінің өзін де қатыстыратын уақыт өтті.
Қазақ әйелдері ішінен жалпы адамзаттың басқышына көтеріле алғандары, ортақшылдық жолына түскендері табыла қоюы кейін болар. Әйтсе де, ауыр ауруын білген, ауыз жарасын көрген замандар қазақ әйелінің арасында жоқ деуге болмайды. Бар, бар ғана емес, әжептәуір.
Міне, енді соларды өз тағдырын шешу жолында іске қатыстыруға мезгіл әбден жетті. Сансыз жылдар ауыр тепкіде жүріп, көзінен жас төгіп келген, соңғы кезде ақылы кіре бастап, совет уақытында азаттық таңын көрем бе деп ұмтылған қазақ әйелін шын ауыртпашылық жолына белсенділік қосқан жоқсың деп шетке қағуы, ессіздік, кешірілмес күнә болмақ. Ортақшыл жолдастар осыны ескерулері тиіс.
Әйел мәселесі - жаңа шыққан мәселе емес: ескі ауру, ескі мәселе. Қашанда болса шешуге тиісті мәселе. Дәрігер Совет үкіметі болса ғана бұл аурудың саны азая түспек.
Міне, ауру көп өршіп кетпеуі үшін жалпы әйелге осыны ұқтыру керек. Еліміздің жайын еске алып, біраз батырлық қылып, осы екі жолға түссек, әйел мәселесін шешу енді оншама ауыр болмас деп ойлаймын.Жәжеке".
Енді Мағжанның "Бостандық туы" газетінің сол 1921 жылғы 3 сәуірде (№2) жарияланған "Екіден бір" атты мақаласын толық келтірейін: "Алтай, Төмен губбернияларында, Қызылжар, Көкшетау уездерінде қара шекпен,
қазақ-орыстар көтерілісі болды. Қара шекпеннің болашақты болжауға
қырағылығы жетпейді. Қолына темір айыр алып, қызыл даудың басына тырнауыштың тісін қадаған, найзасын көлденең ұстап, соқа сүйреу үшін жаратылған жануарын өр байлап, әуреге салып, майданға шықты.
Шыққанда не деп шықты? Совет жасасын, коммунизм жойылсын! Ленин жасасын, Троцкий жоғалсын! - деп шықты. Әңгіме осы көтерілістердің мінезінде, тамырында Қара шекпенділердің осы көтерілістеріне май құйып, жел беріп тұрғандар кім? Эсерлер мен меньшевиктер. ,
17-ші жылдың октябрінен бергі көтерілістерге эсер, меньшевиктердің қатыспай қалған жері жоқ. Көбінесе көтерілістерге негіз салушы солар. Қара шекпендерді айыртып алып кететін солар. Бірақ бұлардың көңілдегі істерін жарыққа шығарып орнығып қалған жері жоқ.
Антанта алтынына ар, иманын сатып, эсерлер Россияның турлі түкпірінде көтеріліс жасайды, әлде қайдан қара туын қолға алып қара жүз патшашылар шыға келеді. Эсердің түсін анықтап, байқай да алмайсың, артында қара жүздің ашылған аранын, ыржиған тісін көресің. Франция алтынының күшімен эсерлер Кронштадт жұмыскер, матростарын алдал, азғырып, көтеріліс жасайды, алдарында істерін меңгеріп алып кеткен патша генералы Козловскийді көресің.
Сібірдің қойдан қоңыр қара шекпендерін Советке қарсы аттандырады, араларында алтын иықтыларды көресің. 17-ші жылы Сібір қозғалады, басына Николайдан бетер қанішер болып қара жүз Колчактың отырып алғанын көресің.
Біз, қазақ елі, төңкеріс жасаушы һәм төңкеріске өз бетімен жол салушы емеспіз. Бұл басқышқа жеткеміз жоқ. Сондықтан біздің алдымызда да екі ғана жол бар: не азаттық, не құлдық. Не Совет бостандығы, не Николай, Колчактың құлдық қамыты.
Міне, қазаққа осыны анық ұғатын мезгіл жетті. Алдымызда екі жиын қара тұр. Біреуі - ел болам десең қазақты шетінен бауыздау керек деп, қылышын даярлап тұрған Дутов, Иванов, Ринов сықылды қара жүздер.
Екіншісі - құлдықта езілген сорлы ел қатарға кір ел бол деп құшағын жайып тұрған Ленин, Сталин сықылды адал ерлер. Енді ойла, ұқ, қазақ, не монарщина, не Совет, не азаттық, не құлдық. Екіден бір. Жәжеке".
Бұл мақалалардан біз Мағжанның Совет үкіметінің қас жауы емес, керісінше, оның саясатын қолдаушы болғанын көреміз. Екіншіден, Мағжан қазақ халқына Советтің осы саясатын қолдау керектігін түсіндіріп, насихаттап отырғанын байқаймыз.
Белгілі жазушы, публицист Шериаздан Елеукенов "Арсының ақыны" атты еңбегінде: "Бұрын Мағжан социалистік революцияның қас жауы саналды.
Солай санағандардың айтағы салдарынан ақын сыналды, мінелді, ақыры қаза тапты, ондаған жылдар бойы әдебиет тарихынан аты өшірілді. Амал қанша, ортақ игілікті саясат құралына айналдыру ауруынан әлі ада-күде айыққанымыз жоқ.
Енді бақсақ, Мағжан Кеңестің
жауы есебінде мадақтала бастапты. Бұл жөніндегі даурықпалардың күмәнділігі өз алдына. Мағжан Кеңес өкіметінің тәртіптерін қатаң санаумен бірге, жиырмасыншы жылдардың орта белінде кеңестік ағынға ілесу мақсатында нақтылы әрекет жасағанын, "Қызыл жалау' өлеңін, "Тоқсанның тобы", "Толғау" поэмаларын жазғанын неге аяқ асты етеміз",-деп шындықтың бетін ашты.
20-шы жылдардың ортасында көп сынға ұшыраған Мағжанның өзі 1928 жылы жазған "Толғау" атты поэмасында бұдан жеті жыл бұрын, 1921 жылы "Бостандық туында" жарияланған мақаласын еске салады, жалған жала жапқан сыншыларына былай деп жауап береді:
"Ақталмаймын, қалайда,
Толқынға жоқты жаулағым.
"Жау" деген жаудың жаласы
Әділ болсаң өмірімді
Ақтарып әділ қарашы.
Отыз жыл өмір бойында
Жазғанымды жайып сап
Екі жар ғып санашы.
Тексеруді отызды
Ауырсынсаң қояйын.
Бір сөзімді есіңе ал:
Мен толқынға жау болсам
Жеті жыл бұрын осыдан
Төңкерістің таңында
Апты алашқа әйгілеп
Небостандық, не құлдық
Не езілу, не теңдік
не патшалық, не Кеңес "Екіден бір"-дер ме едім".
Ұлы ақын әлі толық ақталмай тұрғанда көптеген ақын-жазушылар оны ақтауға, шығармаларын жариялауға қарсы болған кезде заңғар жазушы
Ғабит Мүсірепов жазушы Жайық Бектұровпен болған әңгімесінде:
"Менің ойымша, Мағжан шығармаларын басуға бұл күнде совет өкіметінің еш бөгеттігі жоқ, бұлай деу бос сөз. Оның шығармаларын жарыққа шығаруға біздің өзіміздің кептен бергі бір беткей қалыптасып кеткен теріс дағдымыз, теріс көзқарасымыз, Мағжанды ұлтшыл деп жамандап қалған ескі әдетіміз бегет.
Біз біреуді жамандасақ, тасқа басқан таңбадай өмір бақи өшпейтін қара бояудай көреміз. Кейде тіпті қайсыбір ақындарымыздың іштей қызғаншақтығы да бөгет болып жүр. Әйтпесе, ағын ақ, қарасын қара деп бар-жоқтың жігін ашып алуымызға әбден болады. Мағжанның әйел теңдігі, махаббат, табиғат жайлы, ағартушылық бағыттағы ертеректе жазған өлеңдерін, мақалаларын, әңгімелерін бүгінгі әдебиетіміздің қорына қосуға әбден болады".
Бұдан артық қалай айтуға болады?!
Қайролла Мұқанов,
еңбек ардагері, Мәдениет қайраткері
Мұқанов.Қ. Мағжан шығармалары әлі толық жиналған жоқ // Қызылжар нұр. – 6 қаңтар. – 2017. – 4 б.