Сәулесі мәңгі өшпес жұлдыз
Дүние есігін табиғатынан, Тәңірдің қалауымен мәңгілік дарын болып ашқан біртуар тұлғалар қаншама замандар етсе де, өзі ғұмыр сүрген кезеңінен кейін - келешекте де адамзат жадынан өшпейтін ұлы қасиетке ие болады.
Осылайша мұндай алып, заңғар тұлғалар әр заманның белесінде биіктен орын алып, адамдар қауымдастығының жаңа буынының ақылы, ойы мен парасатына сай құрметке бөленеді. "Абай - мәңгілік!" деген тағылым тегін айтылмаса, біз және бізден кейінгі ұрпақтар да Мағжанды нақ осылайша ардақ тұтары анық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында "Құрманғазының ғажайып күйлері, Мағжанның мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңғалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың философиялық толғаулары ынта ықылас қойған әрбір адамның ішкі жан дүниесін байыта түсері анық!" деп тебірене жазғандай, Мағжанда-мәңгілік.
Мағжанға дейін Қазақ елімен ағынан жарылып, жанын ақтарып, жүрегінің кіршіксіз, мөлдір сырын төгілтіп халқына сөз арнаған ақын Абай ғана. Абайдан соң - Мағжан. "Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!" деген ақын тебіренісінде қаншама зор мағына, халқына артқан сенімі бар десеңізші?!
Мағжанның жан сырын бар жүрегімен сезініп, жырының салмағы мен санасын бойына дарытқандар оның өз тұсында кеп еместі, алайда болды да. Солардың ішінде ардақтысы - Жүсіпбек Аймауытов және Алаш зиялылары. Олар -Мағжан жырынан зияндылық ізде-мегендер. "Мағжан - күшті ақын. Күштілігі еліктеткенінен көрінеді. Осы күнгі өлеңшілердің көбі Мағжанның өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды. Кім өлең жазса, Мағжан сөзінен бірдемені алмай қоймайды. Алайын деп алмаса да, еріксіз, өзі байқамай алып қояды. Неге? Кестелі, ырғақты, күшті даяр сөз, даяр түр ауызға түсе кетеді", - деп жазды Жүсіпбек Аймауытов Мағжан жайындағы әйгілі зерттеуінде.
Ал ұлы Мұхтар Әуезов: "Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін!" -деген жүрекжарды лебізін өз тұсында айтса да, болашаққа арнап кеткендей емес пе?!
Осы лебіздердің арқауы үзілмегенінің, сөзі "артқы күнге анық қалуға жараған ақынды" біздің қазіргі уақытта қастерлеуіміздің кемел көрінісі - "Мағжан кектемі" фестивалі. Еліміздің ақындары мен өнер жұлдыздарының торқалы басқосуы биыл үшіші мәрте өткізілгелі отыр. Фестивальдың ту тіккен ордасы - Қызылжар.
Бүгін жырсүйер, өнерсүйер жұртшылық солтүстікгің сұлу өңірінде, ақ қайыңды ормандар тамыр тартқан топырақта туған қазақ жырының пайғамбарын жырмең әнмен ардақтап, Алтайдан Атырауға, Іледен Есілге дейін кеңінен кесілген байтағымыздың түкпір-түкпірінен Қызылжарға ат басын тіреген ақындар мен әншілердің толғанысына куә болады.
Бұған дейінгі екі фестиваль тарихымыздың еншісіне айналды. Үшінші жыр мен ән сайысы терімізге озбақ.
Тәуелсіздігіміздің ең ардақты жетістіктері мен жеңістерінің бірі Алаштың Мағжан сынды аяулысына бауырымызды жайып, құшағымызға басуымыз емес пе?!
Кеңестік қасаң идеологияның үйірген қамшысы мен сілтеген сойылының зардабынан зиялыларымыздан жаңылған, асылдарымыздан адасқан күндер адыра қалды. Мағжантанудыңтаңы атты. Талантқа табыну - ерсі емес, ерлік. Біздің ақындарымыз Мағжанға деген сүйіспеншілігін ерлікке тән еркіндікпен жырлауды таңдады. Біздің ақындардың жас ұрпағы Мағжаннан "Менді" үйренді. Мағжанның мені - оның өшпес рухы емес деп кім айтар?!
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен - Күн ұлы, көзімде
Күн нұры бар.
Мен келемің мен келемің
мен келем,
Күннен туғаң
Түннен туған пайғамбар!
Мағжанның келешек ұрпағына тапсырып кеткен аманаты осындай.
Мағжан мектебі - зор тағылым ғибраты. Мағжан қазақ поэзиясын "Бізден" әрі биік асуға ерлетіп, өзінің жан сөзімен жыршылардың болашақ ұрпағын "Мен!" деген өрлігімен баулығанын енді білеміз.
Мағжан махаббатты өзінше, Мағжанша ғана жырлады.
Абай:
"Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар.
Ақырың ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар",-деп жырласа, Мағжан мұндай жырларды асқан нәзік сыршылдықпең күйіп-жанған сезім ләззатымен ұлы ұстазынан да асырып түсірді. Мағжан елжандылықты, ұлтжандылықты жырлауда әлемнің қандай ақынынан болсын асып түспесе, кем пәрменмен соқпайтын өлеңдерді жүрегінен бұлбұл-дайұшырды.
Көшпелі заманның кеші жаңа ғасырға беттеген уақытта дүние есігін ашып, келесі жұзжылдықтың түндігі серпілген кезеңге сай келген ақын тың, соны мезгілдің әуенін шырқады. Бұл - осындай ұлы адамға ғана бұйыратын тым таңдаулы сипатты Тәңір алдымен Мағжанға тарту етті.
Бүгін Қызылжар төрінде жыр пәрменін таныту ниетімен поэзия пырағын ерттеп мінгендер Мағжанның мәңгілік екенін санамызға сіңіре түспек.
Алаштың ардақты ақынының туған күні — 25 маусым қазақ жырының асқақтаған күні болып, еліміздің тарихында жыл сайын қайталана беретіні даусыз.
* * *
Алдаспан ақынға арналған республикалық фестивальға қатысушылар кеше Мағжан Жұмабаевтың туған жері - Сарытомар ауылына барып қайтты. Олар ұлы ақынның мұражайын аралап, ту-ған жеріндегі ескерткішіне гүл шоқ-тарын қойды. Аталмыш мұражай-да тұлғаның емірінен сыр шертетін үш жүзден астам жәдігер қойыл-ған. Әнерлі ерендерді ынталан-дырып, бүгінгі ұрпақжадында жаң-ғыртуды кездеген фестиваль жаз-ба ақындар мүшәйрасы, Мағжан шығармаларын мәнерлеп оқу және оның елеңцеріне жазылған әндер сайысы бағыттары бойын-ша бүгін Петропавлда жалғасатын болады.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Журектен шыққан лебіздер
Қазақ жазушыларынаң әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығың жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Магжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін.
Мұхтар ӘУЕЗОВ
* * *
Магжан - сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті.
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ.
* * *
Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады?!
Әлихан БӨКЕЙХАНОВ.
* * *
Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі-МағжанЖұмабаев.
Зейнолла ҚАБДОЛОВ.
* * *
Мағжан - қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір "әдебиеттің жұлдызы боламыз" деп жүргендер сөніп қалады.
Ілияс ОМАРОВ.