Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі
Описание: Елеукенов, Шериаздан Рустемович. Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі. / Ш.Р. Елеукенов. – Астана : Астана-полиграфия, 2008. – 392 бет.
Аннотация: Филология ғылымдарының докторы, проф. Шериаздан Елеукеновтың «Мағжан» атты туындысы 1995 жылы жарық көріп, оқырман жұртшылық тарапынан жоғары бағаланып, кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болғаны мәлім. Уақыт өте келе тәуелсіздік заманының үздік ізденістерінің бірі саналатын кітаптың маңызы артпаса, еш кемімеген. Жанры жағынан филологиялык эссе түрінде жазылган бұл кітап бұрын-сонды айналымға түспеген бай матерналды ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау, ақынды тудырған тарихи ортаны, сол кездегі қоғамдық қатынасты терең сипаттау негізінде Мағжан Жұмабаевтың жарқын бейнесін зор шабытпен өрнектейді. Ұлтымыздың көкейтесті проблемалары жайлы ақын толғаныстары бүгін де актуальді: Мағжан осы қазір тәуелсіздік мінберінен сөйлеп тұрғандай әсер етеді. Ол Абайдан соңғы ақын-жазушылардың алдынғы қатарында қазақ елінің ендігі тағдырын жырына алтын арқау етті. Қазақтың кемеңгер ұлттық ақынының шығармагерлік ересен еңбегін барынша көрсете білген зерттеудің мәтіні жаңа басылымда өзгеріссіз, бұрынғы қалыбында толық сақталды.
Кітап әдебнет зерттеушілеріне, жоғары оқу орны студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер әлеумет үшін пайдалы құрал бола алады.