Гүлсім ханымға - Магжан Жумабаев

Гүлсім ханымға

Бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым,
Әр жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?!

 

Бота көз, сиқырлы сөз ханым
Гүлсім, Көктегі Күн күлмесін, Гүлсім күлсін!
Гүлсім - Күн, көкте ақырын жүзе білед,
Сүйдіріп, күйдіргенін қайдан білсін!