Ұлы Мағжан туралы кинофильм Көрермендерге жол тартты - Магжан Жумабаев

Ұлы Мағжан туралы кинофильм Көрермендерге жол тартты

Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсірілген "Мағжан" атты кинотуынды көрермендерге жол тартты. Бұл жайында фильмді түсірген алматылық "Туран-фильм" студиясының өкілдері Петропавл қаласындағы Достық үйінде өткізген баспасөз мәслихатында мелім болды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, "Солтүстік Қазақстан".

j4Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов аяулы арысымыздың бейнесін экранға шығарған түсіру тобының еңбегінің қуны өлшеусіз екендігін айта келіп, өңірімізде өтетін фильмнің премьералық көрсетіліміне келген меймандарды таныстырып өтті.

Түсірілімі өткен жылы басталған хроникалық-қойылымдық деректі фильмнің сценарий авторы және режиссері - Марат Қоңыров. Кинотуындының басым белігі Алматы қаласында түсірілгенімен, ақынның жастық шағы, алғашқы "Шолпан" өлеңдер жинағының шыққан кезі, кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына сапары, Сәбит Муқановпен кездесуі мен 1938 жылғы ату жазасы осы Қызылжар љңірінде тњсірілген болатын. Љткен жылдың қазан айында өңірімізге келген түсіру тобын қызылжарлықтар да жақсы танып қалды. Тіпті, Мағжанды сомдаған актер Дарын Қалиевтің ақынмен соншалықты уқсастығын қала турғындары да байқаған болатын. Фильмнің түсірілуіне облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты демеушілік көмек көрсетілгенін атап өткен фильмнің директоры Рая Адығанова мен режиссер Марат Қоңыров кинотуындыны түсіруге қатысқан барлықтүсіру тобыныңатынан өңірбасшысы Самат Ескендіровке алғыс білдірді.

Бул фильмнің ерекшелігі - оның деректілігінде. Фильмді түсіруге кіріспес бурын Марат Қоңыров шаң басқан мурағаттарды ақтарып, ақын өміріндегі беймәлім тустарды анықтауға тырысқан. "Алаштың азаттығы үшін күрескен сыршыл ақын өмірінің қанық бояуларын жеткізу үшін құрғақ деректі тәсілдің өзі жеткіліксіз, сондықтан фильмді түсіруде киноөндіріс саласында енді пайда болған жаңа тәсілді қолдандық" деген режиссер фильмде Мағжанның аяғы басқан Мәскеу, Алматы сынды мекендер хроникалық таспалардан алынып, компьютерлік графика арқылы жасалғандығы жайында әңгімелеп берді.

Өңіріміздің мәдени емірінде орын алатын ерекше оқиғаға Мағжанның жастық шағы мен өмірінің соңғы кезеңін бейнелеген актер Дарын Қалиев пен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнагері, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Дулыға Ақмолда келді. Баспасөз конференциясында олар да фильм жайлы өз ойларын ортаға салып, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сурақтарына жауап берді. Фильмнің түсіру тобымен бірге кинотуындының премьералық көрсетіліміне келген Мағжан Жумабаевтың немере жиені Шайзада Бекішева да атасының туған жеріне аяқ басты.

Жиын соңында қадірлі меймандар Мағжан Жумабаев туралы жазылған кітаптар мен ақынның өлеңдер жинағы топтастырылған кітап көрмесін тамашалады. Қуантарлығы сол, кинотуындының көрсетілімімен қатар, Мағжан жайында белгілі өлкетанушы Қайролла Мұқановтың "Мағжан ізімен" атты жаңа кітабы жарық керді.

Көптен күткен фильмнің көрсетілімі кеше кешкі сағат 6-да "Қазақстан" кинотеатрында өтті. Бұл жайында толық ақпаратты газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

 

СУРЕТТЕ: Мағжан рөлін ойнаған актерлер Дарын Қалиев пен Дулыға Ақмолда.

Суретті түсірген ТалғатТӘНІБАЕВ.


Ұлы Мағжан туралы кинофильм көрермендерге жол тартты // Солтүстік Қазақстан. – 2013. – 27 маусым. – 1 б.