Ұлы Мағжан туралы фильм түсіріледі
Магжан Жумабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Слышишь, судьба" атты хроникалық-қойылымдық деректі фильмнің жалғасын түсіру мақсатында өңірімізге келген алматылық "Туран-фильм" студиясының өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары- мен баспасөз мәслихатын өткізді.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, "Солтүстік Қазақстан"
- Фильмде Мағжанның адами құндылықтары, оның еліміздің мә- дениетіне, әсіресе, әдебиеті мен та- рихына қосқан њлесі толықтай көр- сетілмек. Мәскеу қаласындағы мұра- ғаттарда сақталған 1920-1930 жыл- дардағы хроникалық кадрларды пайдаланып, Мағжан Жумабаев өмірінің бақытты шақтары мен қилы ке- зеңдері қойылымдық көріністер ар- қылы түсіріледі. Фильмде 12, 19 жасар Мағжан, ересек Мағжан және де қуғын-сњргіндегі Мағжанның бейнелері көрініс табады, - деді фильмнің қоюшы-режиссері әрі сценарий авторы Марат Қоңыров.
Кәдімгі көркем фильмнің түсіру ережелеріне сай түсірілетін фильм кейіннен хроникалық кадрларға компьютерлік графика арқылы енгізіледі. Осылайша деректілікке қол жеткізуді ойластырған фильм авторлары Мағжан Жұмабаев өмірінің айтулы кезеңдері кіретін фильмді 12 жасар Мағжанның бейнесінен бастамақ. 12 жасар бала Мағжанды Едіге Әбдірахманов есімді бала ойнаса, 19 жастағы ақын Маоканды Мейіржан Бейсебеков, ал бақытты Мағжанның бейнесін жас әртіс Да- рын Қалиев ойнамақ. Еңсесі тњсіп, өмірінің қиын кезеңдерін сомдайтын актер қазақстандық киносњйер қа- уымға белгілі Дулыға Ақмолда болады. Алдымен түсіру тобы облыс орталығында Маоканның ізі түскен тарихи ғимараттарды түсіріп, кейіннен кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына ойыспақ.
Кастинг барлық талаптарға сай өткізіліп, ақынның түр-тұлғасы барынша жақын актерлер таңдалған, деді фильмнің директоры Ғалия Тушкина. Мағжан Жұмабаевтың жары Зылиха апайдың рөлін Гүлмира Ахметова сомдамақ. Фильмде сондай-ақ "Алаш" партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Сәбит Мұқанов, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин сынды тұлғалар көрініс табады.
Ақынның тұлға ретінде қалыптасып, ел тарихына етене араласқан шағын сомдайтын актер Дарын Қалиевтің бұл алғашқы кинотуындысы екен. Барынша тыңғылықты дайындалған ол күрделі рөлді сомдап шығуға ақынның тыныстаған ауасы мен туған топырағы көмектеседі деген ниетін білдірді.
Фильмнің түпнұсқасы қазақ тілінде түсіріліп, орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аударылады. Фильм көрермендерге жаңажылдық демалыс күндері ұсынылатын болады. Солтүстікқазақстандықтар да бұл фильмді алғашқылардың бірі болып көреді.
Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.