Тікелей эфир. Мағжан оқулары. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 13.04.2023 17:58
2023 жылдың 13 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған Мағжан оқуларының кезекті тікелей эфирі өтті.
Жыл бойы аптаның әр бейсенбісі күні өтетін Мағжан оқуларының осы жолғы эфирі қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған Мағжан Жұмабаевтың поэмасы «Батыр Баянды» талдауға арналды.
Тікелей эфирде Мағжан поэзиясының шыңы «Батыр Баян» поэмасы оқылып, оның мазмұнына, әр шумағына жан-жақты талдау жасалды. Мағжан тілінің әуезділігі мен әсемдігі, көркемдігі мен көріктігі ерекше үйлесімділікте сай келуі поэмада айрықша көрінеді.
«Батыр Баян» – М. Жұмабаевтың шығармашылық кемел кезінде бір демде шабытпен жазылған шоқтығы биік шығармасы. Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген өресі биік өрелі шығарма. Шын тұлпар шапқан сайын көсілсе, шын асыл уақыт өткен сайын жарқырай түседі. Мағжанның поэзиясы да, оның ішінде «Батыр Баян» поэмасы да заманалар жайымен жылжыған сайын інжу-маржандай жарқырай түсуде.