«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» - Магжан Жумабаев

«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді»

Биыл қазақтың даңқты ақыны, «Алаш қозғалысының» ірі қайраткері, түрік дүниесінің бірегей тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жыл бойы әр аптаның бейсенбісінде Мағжан оқулары өткізіледі.


Бүгін «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде кітапханашы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына, ақын өлеңдерінің маңыздылығына, ақынның аяусыз тағдырына қысқаша шолу жасады. М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті, жас ақын Диас Аяған өзінің Мағжан Жұмабаевқа арнау өлеңін оқыды.