«Мағжанның маржан жырлары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы - Магжан Жумабаев

«Мағжанның маржан жырлары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

27 сәуір күні кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, алаш көсемдерінің бірі, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Кітапхана түні – 2023» акциясы өткен болатын. Аталған іс-шара аясында Абонемент бөлімінде «Мағжанның маржан жырлары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды.


Байқау үш тілде өтті. Байқаудың шарты бойынша, қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыған болатын. Бүгін біз сол байқаудың қатысушыларын тікелей эфирге шақырдық. Олар өздерінің байқауда оқыған өлеңдерін оқып берді.