Мағжан және қазақ баспасөзі
- Толығырақ
- Жарияланды 08.06.2023 16:48
2023 жылдың 8 маусымы күні Сағ.16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тікелей эфирде жыр пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай кезекті «Мағжан оқулары» өтті.
Кітапханамызда «Мағжан оқулары» жыл бойы өткізіліп келе жатыр. Кезекті «Мағжан оқуларына» Мағжантанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы шақырылды. Ол «Мағжан және қазақ баспасөзі» тақырыбында баяндады. Мағжан Жұмабаевтың қазақ баспасөзінің дамуында еңбегі өте зор,- дей келе, XX ғасырдың басында қазақ қоғамы санасының оянуына өте-мөте себепші болған «Қазақ» газетіне сол кездегі қолына қалам ұстаған қазақ зиялылары түгел қатысқанын, олардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың да болғанын тілге тиек етті. Одан басқа да республикамызда шығып тұрған қазақ газеттеріне тоқтала келе, Омбы қаласында шығып тұрған «Жас азамат» газетінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі басылғанын, біздің облыстық «Кедей сөзі», «Бостандық туы» газеттерінің шығып тұруында да Мағжанның еңбегінің зор екеніне жан-жақты тоқталды. Мағжанның тек баспасөз тарихында ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінің дамуында да сіңірген қызметі ұшан-теңіз,- деді. Жастарға Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын терең түсініп оқуға кеңес берді.