Мағжан туралы кітаптар - Магжан Жумабаев

Мағжан Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдері: Оқу-әдістемелік құралы

Описание: Сеңкібаев, Сабыр Тәлиұлы. Мағжан Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдері: Оқу-әдістемелік құралы / С.Т. Сеңкібаев . – Көкшетау : 2006. – 102 бет.

Аннотация:  Еңбекте қазақ ұлттық педагогикасының негізін қалаушылардың бірі, М. Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдерін бүгінгі жастарды тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары мен мүмкіндіктері кеңінен қарастырылған. Еңбек жоғарғы оқу орындары мен колледж оқытушыларына, сондай - ак студент жастарға арналған. Педагогика кафедраларының оқытушылары мен тәрбие саласында еңбек ететін мамандарға пайдалануға болады.

Читать полностью

Мағжан ізімен = По следам Магжана

Описание: Мұқанов, Қ. М. Мағжан ізімен = По следам Магжана [Мәтін] / Қ.М. Мұқанов. – Петропавл : [баспасыз] , 2013. – 440 бет : 8 б. фото. Параллельді мәтін: қазақ, орыс тілдерінде.- Пайдаланылған ідебиеттер: б. 415-420

Аннотация:  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Асыл мұра» орталығының қызметкері, Мәдениет қайраткері, Қайролла Мұқановтың бұл кітабына халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеу мақалалары енгізілді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Читать полностью

Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі

Описание: Елеукенов, Шериаздан Рустемович. Мағжан: Өмірі мен шығармагерлігі. / Ш.Р. Елеукенов. – Астана : Астана-полиграфия, 2008. – 392 бет.

Аннотация:  Филология ғылымдарының докторы, проф. Шериаздан Елеукеновтың «Мағжан» атты туындысы 1995 жылы жарық көріп, оқырман жұртшылық тарапынан жоғары бағаланып, кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болғаны мәлім. Уақыт өте келе тәуелсіздік заманының үздік ізденістерінің бірі саналатын кітаптың маңызы артпаса, еш кемімеген. Жанры жағынан филологиялык эссе түрінде жазылган бұл кітап бұрын-сонды айналымға түспеген бай матерналды ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау, ақынды тудырған тарихи ортаны, сол кездегі қоғамдық қатынасты терең сипаттау негізінде Мағжан Жұмабаевтың жарқын бейнесін зор шабытпен өрнектейді. Ұлтымыздың көкейтесті проблемалары жайлы ақын толғаныстары бүгін де актуальді: Мағжан осы қазір тәуелсіздік мінберінен сөйлеп тұрғандай әсер етеді. Ол Абайдан соңғы ақын-жазушылардың алдынғы қатарында қазақ елінің ендігі тағдырын жырына алтын арқау етті. Қазақтың кемеңгер ұлттық ақынының шығармагерлік ересен еңбегін барынша көрсете білген зерттеудің мәтіні жаңа басылымда өзгеріссіз, бұрынғы қалыбында толық сақталды.

 Кітап әдебнет зерттеушілеріне, жоғары оқу орны студенттеріне, жалпы әдебиет сүйер әлеумет үшін пайдалы құрал бола алады.

Читать полностью:

Біздің Мағжан: Безендірілген мерейтойлық жинақ

Описание: Біздің Мағжан. Безендірілген мерейтойлық жинақ / қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде/ Құраст. - автор: Шаңбай Т., - Петропавл, 2018.- 176 бет.

Аннотация:  Біздің Мағжан атты безендірілген мерейтойлық жинақ Ұлы дала елінің мақтанышы, Алаштың көрнекті қайраткері, атақты ақын, қазақ әдебиетінің классигі, түрік дүниесінің ірі тұлғасы Мағжанның 125 жылдық мерекесіне арналып дайындалған.
Кітап Қазақ Елінің кешегісі мен бүгініне және болашағына бейжай қарамайтын, Мағжанның өмірі мен қайраткерлігіне, шығармалары мен еңбектеріне құрметпен қарайтын Отан сүйер қауымға арналған.

Читать полностью

Поёт земля Магжана: поэзия и проза

Описание:  Поёт земля Магжана: [поэзия и проза]. – Петропавловск: Северный Казахстан, 2016. – 108 с.

Аннотация: В книгу вошли произведения членов литературно-творческого клуба «Подлесок», который, являясь ровесником независимости страны, в 2016 году отметил свое 25-летие. Сборник «Поёт земля Магжана» объединил под своей обложкой патриотическую лирику, произведения о любви к Северному Приишимью, к земле Магжана Жумабаева - великого поэта земли казахской.

Читать полностью